Петропавлда тұрғын үйдегі өрт бір адамның өмірін қиып кетті

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлдағы Подгора ықшамауданындағы үйден өрт шығып, салдарынан бір адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт Петропавлдағы 308 Краснознаменный полк, 31 көшесіндегі үйден бүгін шамамен сағат 10.44 минут кеткенде шыққан. Үйдің көк түтінге оранғанын көршісі байқап қалып, бірден мамандарды шақырған.

Өртті сөндірушілер оқиға орнына 5 минут ішінде жетті. Олар үйден 50 жастағы есінен танған әйелді алып шықты. Жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері бірден тиісті іс-шараларды жүргізгенімен, иіс тиген әйелді аман алып қала алмады.

«Бірінші мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің екі арнайы көлігі және жеке құрам өрт сөндіруге жұмылдырылды. 10 минут ішінде сөндірдік. Өрт шыққан аудан 5 шаршы метр шамасында», - дейді СҚО ТЖД жедел кезекшісі Әсет Сердалин.

Көршілерінің сөзіне қарағанда, көз жұмған әйелдің жұбайы жұмысына кеткен. Ерлі-зайыптылар спирттік ішімдіктерге әуес болған.

Мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.




Соңғы жаңалықтар