Петропавлда түрме қызметкері ауладан мылтық тауып алды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда ЕС-164/1 мекемесінің қызметкері көпқабатты үйлердің ауласынан аңшы мылтығын тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ЕС-164/1 мекемесінің режим және күзет бөлімінің корпус бойынша аға қызметкері Роман Кимбаев түстен кейін ауысымнан келе жатқан. Шоқан Уәлиханов көшесіндегі 17 үйдің подъезінің жанында қардан шығып тұрған мылтықтың дүмін көреді. Қарды арши келе оның аңшы мылтығы екенін көрген. Тәжірибелі маман бірден «102» нөміріне хабарласып, өзі полицейлер келгенше қару табылған орынды күзетке алады.

Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы қаруды алып, сараптамаға жіберді.

«Ауысымнан шыққан қызметкеріміз кәсібилігін және жоғары азаматтық ұстанымын көрсетті. Мылтықты ойнап жүрген балалалар тауып алса немесе басқа біреудің қолына түссе не болар еді? Ол қарумен қылмыс жасалып, онда қылмыскердің саусақ ізі де қалуы мүмкін», - дейді ЕС-164/1 мекемесі бастығының тәрбие ісі бойынша орынбасары Алтай Жүнісов.

Соңғы жаңалықтар