Петропавлда тұрмыстық қалдықтар тарифі арзандауы мүмкін

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қаласының қоғамдық кеңесінде тұрмыстық қатты қалдықтар тарифін арзандату мәселесі қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавл қаласында қазіргі уақытта көп қабатты үйдің тұрғындары тұрмыстық қатты қалдықтар үшін бір адамға 230 теңге төлесе, жекеменшік секторда тариф 20 теңгеге қымбат. Қоғамдық кеңесте құзырлы мекеме тариф құнын арзандату мәселесін көтерді.

«Елбасының коммуналдық тарифтерді төмендету туралы тапсырмасын орындау мақсатында қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша тарифтер қайта есептелді. Біздің есебіміз бойынша көпқабатты үй тұрғыны үшін қоқыс шығару үшін 220 теңге, жеке сектор үшін 234 теңге болуы тиіс», - деді Петропавл қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Досылан Босынов.

Тарифтің арзандауы тұрғындар үшін жақсы жаңалық болғанымен, қоғамдық кеңес мүшелерінде бірқатар сұрақ туындады.

«Бұл коммуналдық қызметкерлердің еңбекақыларының төмендеуіне алып келмей ме? Егер басқа кәсіпорындар тарифті төмендетсе, олар қосымша қаржы тапқан шығар, ал қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаратын мекеменің жұмысы соңғы жылдары ғана реттелген еді. Оған былтыр тарифті көтеру әсер етті деп ойлаймын. Сондықтан оны қайта төмендетсек, бұл олардың әлеуметтік мәртебесін нұсқан келтірмей ме?» - деді қоғамдық кеңестің мүшесі Бейбіт Мұстафина.

Көптің талқысына түскен мәселе тағы бір зерттеліп, келесі кеңесте қаралатын болды.

Соңғы жаңалықтар