Петропавлда тұтынушыларды таразыдан жегендер анықталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Сыртқы қаптамада көрсетілген салмақты тексеру туралы өңірлік ОКҚ брифингінде СҚО бойынша техникалық реттеу департаментінің бас маманы, бақылау бойынша мемлекеттік инспектор Айгүл Құсайынова мәлім етті.

Үстіміздегі жылдың мамыр айынан 12 сауда кәсіпорнынан сатып алынған 49 түрлі азық-түлік, парфюмерлік-косметикалық өнімдер мен халық тұтынатын тауарлар сатып алынып, тексерілген. Мемлекеттік инспектор сынақтың импортшылардың қоймаларында немесе супермаркетте өткенін атап өтті. Тексеріс кәсіпкердің тікелей қатысуымен арнайы құрылғымен жасалды. Нәтижесінде 49 тауардың 18-інде көрсетілген салмақтың сай келмейтіні анықталған.

«Бұлар мына тауарлар: карамель, шие, таңқурай дәмі бар «Попкорн» - өндіруші «Север Логистик» ЖШС, Петропавл қ.; ҚР Қарағанды қ. «DOM company» өлшеп, ораған «ВИП» сауда маркасымен шығарылатын бидай, жүгері, арпа жармасы; «Приправыч» сауда маркасының дәмдеуіштері (лавр жапырағы, қара бұрыш, қызыл бұрыш, қалампыр, өндіруші РФ Новосібір қ. «Проксима» АҚ компаниясы; «Нежный», «Fruttis», сауда маркалы йогурттар, өндіруші Мәскеу облысы, Ступино қ., «Кампина» АҚҚ, дистрибьютер Алматы қ. «Green House Best» ЖШС; «Весна» дәретханалық және крем-сабыны, Ресей, Самара қ.; «Я и мама» балалар сабыны, өндіруші Ресей, Мәскеу қ., «Свобода» АҚҚ; «Рахмет» қанты Алматы қ., «Golden Food Company» ЖШС; «Русский» қанты, Ресей, Краснодар өлкесі», - деді Айгүл Құсайынова.

Өткізілген тексеріс нәтижесінде, өнім сатушыларына аталған тауарларды сатуға тиым салынғаны туралы құжат беріліп, 0,5 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұлдар салынды. 

Соңғы жаңалықтар
telegram