Петропавлда үлкен теннистен республикалық турнир өтіп жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда 10 жасқа дейінгі қыздар арасында үлкен теннистен «Petropavl Masters» республикалық турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Petropavl Masters» республикалық турниріне еліміздің 6 өңірінен: Атырау, Павлодар, Қарағанды, Ақмола облыстары мен Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан 17 жас спортшы қатысып жатыр. Бұл жарыстың ересектерге қарағанда басты ерекшелегі - қыздар бір сетте 4 гейм ойнайды.
null

«Турнирді ұйымдастырудағы басты мақсат - саламатты өмір салтын насихаттау. Жалпы, елімізде үлкен теннис жақсы дамып келеді. Жыл сайын түрлі деңгейдегі жарыстар ұйымдастырылады. Қыздар осы турнир барысында көп тәжірибе жинайды деген ойдамын. Жетілдірілген олимпиадалық жүйемен бағалаймыз, яғни, барлық орындар сарапқа салынады», - дейді жарыстың бас төрешісі Жасұлан Әбілдәбек.
null

«Petropavl Masters» республикалық турнирі 4 күнге шақталған. Маусымның 21-і жеңімпаздарға жүлделер табысталады.

Соңғы жаңалықтар