Петропавлда үш адамды үсік шалған

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Қалалық травмпунктке үсік шалған үш петропавлдық жүгінген, деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Петропавлда үш адамды үсік шалған

Облыстың ТЖД ақпаратына сәйкес алдағы екі күнде СҚО-да ауа райына байланысты ескерту жарияланды. «Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес 22 және 23 желтоқсан күні түнде өңірде күшті аяз болады, кей жерлерде аяз - 40 градусқа дейін жетеді.

 «ТЖД халықтың қалыпты тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету, ТЖ алдын алу үшін шаралар қабылдауды ұсынады», - делінген хабарламада. Облыста бүгін де аяз болды.

Петропавлда ауа райы минус 38 градусқа дейін түсті. Кей аудандарда - 42 градусқа дейін төмендеді. Мектептерде сабақ кейінге қалдырылды. Түнде барлық бағыт бойынша жол жабылды.