Петропавлда үш күн бұрын жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда үш күн бұрын жоғалып кеткен жас келіншектің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавлда үш күн бұрын жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды

6 сәуірде жоғалып кеткен 32 жастағы қала тұрғынының суреті барлық әлеуметтік желілерде жарияланды. Келіншек үйінен шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен.

«9 сәуірде Петропавлда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жедел уәкілдер қаладағы пәтерлердің бірінен әйелдің денесін тапты. Бұл факті «Адам өлтіру» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тіркеліміне енгізілді. Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен бұрын сотталған 31 жастағы Петропавл тұрғыны ұсталды», - деп түсіндірді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды.

Автор: Олеся Жуковень