Петропавлда волейболдан қыздар арасында қысқы ел чемпионаты басталды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда 11-12 жастағы қыздар арасында волейболдан республикалық қысқы чемпионат басталды. Жарыс 10 қаңтарға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Республикалық чемпионатқа 14 команда қатысып жатыр. Оның екеуі -солтүстікқазақстандық. Солардың бірі - «Kuanish» командасы. Бүгінде бұл клубта 124 жасөспірім қыз жаттығады. Олар былтыр күзгі чемпионатта қола медаль еншілеген еді. Бұл жолы да жеңіс тұғырынан көріну үшін жарысқа жоғары дайындықпен келіп отыр.

«Бұған дейін жүлделі орыннан көрінгендіктен бізге қойылатын талап жоғары. Чемпионатқа дайындалдық. Әрі тек «бірінші орын аламыз» деген оймен қатысып жатырмыз. Өзіміздің алаңда ойнап жатқандықтан бізге басқаларына қарағанда жеңілірек. Жанкүйерлеріміз қолдау көрсетуде», - дейді «Kuanish» командасының ойыншысы Елизавета Щукина.

Бірінші болып жарыс алаңына СҚО-ның құрамасы мен Павлодардың «Ертіс-Қазхромы» шықты. Қыздар допты көпке дейін жерге түсірмей, шеберліктерін көрсете білді.

«Командалалар бір-біріне сай. Бүгінде балалар волейболының деңгейі өскен. Ойын қызықты, қыздар тырысып бағады. Жаттықтырушылардың жақсы жұмысын көріп отырмыз. Қазіргі уақытта осындай қысқы чемпионат Петропавлдан басқа Өскеменде, Оралда өтіп жатыр. Ол жақта басқа жастағы қыздар қатысуда», - дейді чемпионаттың бас төрешісі Анастасия Кокина.

Қыздар арасында волейболдан өтіп жатқан республикалық қысқы чемпионаттың жеңімпаздары 10 қаңтарға дейін анықталмақ.



Соңғы жаңалықтар