Петропавлда жаңа жылдың алғашқы үш күнінде 33 нәресте дүниеге келді

ПЕТРОПАВЛ. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Петропавлдағы облыстық перинаталдық орталықта жаңа жылдың алғашқы үш күнінде 33 нәресте дүниеге келді.

Петропавлда  жаңа   жылдың алғашқы  үш күнінде   33 нәресте  дүниеге келді

Орталықтың бас дәрігері Жанна Мауытованың айтуынша, жаңа жылдың алғашқы күні 10 бала - төрт ұл бала мен алты қыз бала дүниеге келсе, қаңтардың 2-сінде де 10 бала туылды, оның бесеуі - ұл, бесеуі - қыз. Ал қаңтардың 3-і күні төрт ұл бала, тоғыз қыз бала туды. Жаңа жылда дүние есігін бірінші болып ұл бала - Данилл Семке ашты.

Бас дәрігердің айтуынша, жылды ұл баланың бастауы - жақсы ырым. «Бұл биылғы жыл біз үшін күшті болады деген сөз. Оның үстіне, акушерлердің өз ырымы бар - егер жаңа жылда бірінші болып ұл бала туса, жұмыс көп болады деген сөз, ал біз үшін бұл бала көп туылады деген сөз», дейді Жанна Мауытова ханым.