Петропавлда жеке үй өртеніп, 50 жастағы әйел көз жұмды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда жеке тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Оқиға Подгора шағын ауданында болды. Өрт сөндірушілер келгенде қою қара түтін будақтап жатты. Есік бекітулі болғандықтан, құтқарушылар оны бұзып кірген. Үйдің ішінен 50 жастағы әйелдің денесі табылған.

«Өрт бес шаршы метр аумақты шарпыған. Пештің маңында төбенің жанғаны байқалады. Алдын ала болжам бойынша, тілсіз жаудың шығуына осы пештегі ақау себепші болуы мүмкін. Оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеп жатыр», - деп хабарлайды СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Автор:

Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар