Петропавлда Жеңіс күні мерекесіне орай автожарыс өтті

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда әр ауданда Жеңіс күнін атап өтуде, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Қала тұрғындары мен қонақтарының басым бөлігі Театр алаңына жиналды. Мұнда солтүстікқазақстандықтар Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою үшін кезекке тұрды. Майданнан оралмаған сарбаздарды, соғыстан кейінгі жылдары өмірден озған ардагерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Бейбітшілік нышаны ретінде аспанға ақ көгершін ұшырылды.

ҚР ҰГ Әскери институның курсанттары, Мәңгілік полк колоннасы қала көшесі бойынша марш-парад жүріп өтті.

Жүргізушілер автожарыс өткізді. Ресімделген көліктер «Ура!» және «Жеңіс!» деп айқайлап, Петропавлдың бас көшелерінен өтті.
Театр алаңында әскери далалық асхана құрылды. Онда ботқа үлестірілді.

«ҰОС батырларының есімі берілген қаланың 12 көшесі» акциясы ұйымдастырылды. Еріктілер барша қауымға сотүстікқазақстандық батырлардың өмірбаяны жазылған буклеттер таратты.

Өлкетану мұражайында - «Бәрі есте, біз мақтан тұтамыз!» алаңы ашылды.

Соңғы жаңалықтар