Петропавлда жол апатынан екі адам зардап шекті

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавл қаласында екі жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан екі адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавлда жол апатынан екі адам зардап шекті

Петропавлдағы Жұмабаев және Интернационал көшелерінің қиылысында Toyota Prado мен Лада Гранта автокөліктері соғылып қалған.

СҚО Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға салдарынан Лада Гранта көлігінің 62 жастағы жүргізушісі және оның 54 жастағы жолаушысы зардап шекті. Жарақат алғандарды жедел жәрдем қызметі облыстық ауруханаға жеткізді.

«Көлік апаты салдарынан бағдаршамға зақым келді. Процессуалдық шешім қабылдау үшін барлық қажетті іс-шаралар жасалып, құжаттар сотқа жолданатын болады», - дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Баян Байғаскина.

СҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккен әйелдің кеудесі және омыртқасы соғылған. Сынықтан аман. Ал көлік жүргізуші медициналық көмектен кейін үйіне жіберілді.