Петропавлда жүк көлігі көпірден құлады

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Петропавлда жүк көлігі көпірден құлады. Жолдан шығып кеткен жүк көлігі суға батып кете жаздаған.

Петропавлда жүк көлігі көпірден құлады
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform

Әлеуметтік желіде тараған видеодан жүк көлігін нысанның қоршауына ілінген екінші тіркемесі ұстап тұрғанын көруге болады.

Петропавлда жүк көлігі көпірден құлады
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform

Оқиға бүгін таңертең Есіл өзенінде орналасқан Петропавл бөгенінде болған. Жүргізуші рульге ие бола алмай қалып, бөгеннің қоршауын соғып өткен.

Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізуші аман. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметі оны Петропавл қалалық көпбейінді ауруханасына жеткізді. Дәрігерлер қарап, мойын байламдары созылған ер адамды амбулаторлық ем алуға жіберді.

Петропавлда жүк көлігі көпірден құлады
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform

Полиция процессуалдық шешім қабылдау үшін оқиға орнында жол-көлік апатының мән-жайын анықтап жатыр. Полиция батальонының взвод командирі Бахтияр Досжановтың айтуынша, Камаз жергілікті фирмалардың біріне тиесілі. Акт толтырылып, шығын көлемі есептеледі. Ал қоршауға ілінген жүк көлігін шығару үшін 2 сағаттан астам уақыт кеткен.

Гидроторап штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Бұған дейін Алматыда физика-математика мектебінің 47 оқушысы ауруханаға түскенін жазған едік.