Петропавлда жүргізуші қатарынан бес көлікті соғып кетті

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қаласындағы түнгі клубтың алдында болған жол-көлік оқиғасынан бірнеше автомобиль бүлінді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Петропавлда жүргізуші қатарынан бес көлікті соғып кетті

Түндегі оқиғағаның қалай болғанын СҚО ІІД өкілдері түсіндіріп берді.

«Тойота Камри» автомобилінің жүргізушісі бірден бүлдірді: «Ауди 80», «Мерседес», «Фольксваген Тигуан», «Тойота Прадо», «Хюндай Элантра» көліктерін қағып кетті.

«Аталған факт бойынша әкімшілік материалдар жиналуда. Жүргізуші Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы заңнамасы бойынша жауапқа тартылады»,-деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

30 жастағы жүргізушінің кінәсі нақтыланып, көлігі айып тұрағына жөнелтілді. Енді оны алдыда сот күтіп тұр.