Петропавлда жыл басынан мемлекет қажеттілігі үшін 150 жер учаскесі алынды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда жыл басынан мемлекет қажеттілігі үшін 150 жер учаскесі алынса, 2016 жылдан бері олардың саны 900-ге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавлда мемлекет қажеттілігі үшін мүлікті иеліктен шығару мәселелері бойынша жұмыс тобының қызметі туралы брифинг өтті. Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Владислав Лукиннің айтуынша, Петропавлда қарқынды құрылыс 2016 жылдан бастап жүргізіліп келеді. Нәтижесінде «Жас өркен», «Береке» сияқты жаңа ықшам аудандар пайда болды. Бұрын бұл жерлерде үйлері жартылай жерге кірген жеке сектор болса, қазір зәулім ғиараттар бой көтерген.

«Қазір Петропавлда «Жас өркен», Копай, «Береке-2» ықшамаудандары және Ш.Уәлиханов пен М.Жұмабаев көшелері дамытылып жатыр. Бұл аудандардағы үйлердің 80% адам тұрғысыз ескі және апатты жағдайда болды. Мұндай үйлер сырылуы керек. Ал олардың иелеріне жайлы баспана беріледі», - дейді Владислав Лукин.

Сырылған үйлердің орнына 70 көпқабатты үй, әлеуметтік нысандар: театр, спорт нысандары, Оқушылар сарайы, мектептер, емдеу мекемелері, саябақтар салына бастады.

«Соңғы 4 жылда мемлекет қажеттілігі үшін 900 жер учаскесі алынса, соның 150-і биылғы жылдың еншісінде. Жыл соңына дейін ескі үйлерді сыру жұмыстары жүргізіледі. Олардың орнына «Жас Өркенде» 836 пәтерлі 8 үй, саябақ, Ш. Уәлиханов көшесінде 666 пәтерлі 7 баспана салынады, 900 орындық мектептің жаны абаттандырылады. Астана-Брусиловский-Қазақстан Конституциясы көшелерінің бойында саябақ, ал Н.Назарбаев-Шухов көшелерінің шекарасында 144 пәтерлі тұрғын үй салу үшін жер учаскелері алынады. Н.Назарбаев-Крепостная-Казахстанская правда көшелері мен 8 мектептің шекарасында спорт кешені тұрғызылады», - дейді қала әкімінің орынбасары.


Соңғы жаңалықтар
telegram