Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясындағы төбелестен бірнеше адам жарақат алды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Петропавлдағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясында бірінші курс курсанттары төбелесті. 

төбелес
Фото: Pixabay

Бұл туралы ақпарат жергілікті пабликтердің бірінде пайда болды. Мұндағы мәлімет бойынша, жанжалға 41 адам қатысқан. Араларында осы оқу орнында оқып жатқан Тәжікстан Республикасының азаматтары да бар.

Бұл фактіні ҚР Ұлттық ұланы академиясының баспасөз қызметі растады. 

– Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясында болған бірінші курс курсанттары арасындағы қақтығыс фактісі бойынша тексеріс жүріп жатыр. Оқиға нәтижесінде бірнеше курсант жеңіл дене жарақаттарын алған. Оларға тиісті медициналық көмек сол жерде көрсетілді, ауруханаға жатқызу қажеттілігі болмады. Қазіргі уақытта оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр, - деп жауап берді баспасөз қызметінен. 

Бұған дейін СҚО-да жасөспірімдер қылмысы 20 пайызға азайғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар