Петропавлдағы Заречный кентіндегі бөгет сарбаздардың көмегімен нығайтылып жатыр

әскерилер
Фото: Әділ Нұржанов

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Петропавлдағы Заречный кенті тасыған Есіл өзенінің суы басуы мүмкін қауіпті аумақтардың бірі. Судың елді мекенге кіруін болдырмау үшін қазір мұндағы бөгет нығайтылып жатыр.

су тасқыны
Фото: Әділ Нұржанов

Петропавлдағы Заречный кентінде 900-ден астам адам тұратын 224 тұрғын үй бар. Есіл өзені қатты тасыған жылдары жайылған су көше мен шеткері үйлерге кіреді. Тасыған судың жолына бірер жыл бұрын бөгет салынды, биыл ол нығайтылып жатыр. Бұл жұмысқа ҚР Ұлттық ұлан 6637 әскери бөлімінің 60 сарбазы мен оннан астам техника жұмылдырылған.

тасқын су
Фото: Әділ Нұржанов

«Көктем басталғалы анамның үйінде тұрып жатырмын, себебі, үйге су кіре ме, деген қорқыныш бар. Соңғы рет 2017 жылы су қатты тасып, деңгейі белден келген. Бөгет тұрғызылғаннан кейін жағдайымыз жақсарды, бөгет судың өтуіне кедергі жасайды», - дейді Петропавл тұрғыны Николай Люков.

су тасқыны
Фото: Әділ Нұржанов

Әскерилер бөгетті нығайту үшін сары балшық пен құмның қоспасы салынған қапшықтарды даярлап жатыр. Бөгеттің ұзындығы 1,5 километр, ал биіктігін 2,5 жарым метрге жеткізбек. Бір аптаның ішінде алты мыңнан астам қап әзірленді.

су тасқыны
Фото: Әділ Нұржанов

Бұған дейін Есіл өзені су деңгейінің көтеріліп келе жатқанын айтқан едік.

Сондай-ақ бүгін облыстық, аудандық маңызы бар 15 автожолды су шайып кетті.

 

Соңғы жаңалықтар
telegram