Петропавлдағы әскери жоғары оқу орнында дауыс беру аяқталды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлдағы ҚР Ұлттық ұланы академиясында 600-ден астам адам таңғы сағат 9.30-ға дейін дауыс беріп, № 655 сайлау учаскесі жұмысын аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

ҚР Ұлттық ұлан академиясы баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдағы академияда №655 сайлау учаскесі орналасқан. Бұл жерде жоғары оқу орнының курсанттары, офицерлер, сарбаздар, келісімшарт бойынша қызмет атқарып жатқан әскери қызметшілер және олардың отбасы мүшелері дауыс берді. Дегенмен сайлаушылардың 99 пайызы – академия курсанттары.

«Алматының тумасымын. Үшінші курста оқимын. Сайлауға екінші рет қатысып отырмын. Президент ол мемлекетіміздің өсіп-өркендеу және даму бағытын айқындайтын болғандықтан, дұрыс таңдау жасау өте маңызды. Әр қазақстандық бүгін өз дауысын беріп, дұрыс шешім қабылдайды деген ойдамын», - дейді ҚР Ұлттық ұланы академиясының курсанты Айдос Жұмағұлов.

Ұлттық ұлан академиясындағы сайлау учаскесінде дауыс беру белсенді өтті.

«Бұл сайлау учаскесіне 662 сайлаушы тіркелген, 77 курсант алғаш рет дауыс берді. Елдің тыныштығы мен болашағы үшін дауыс беріп жатыр», - дейді № 655 сайлау учаскесінің комиссия төрағасының хатшысы Ардақ Айтжанов.

Әскери тәртіпке үйренген жандар сағат 9.30-да таңдауларын жасап болды.


Соңғы жаңалықтар