Петропавлдағы балалар үйі қайта құрылады

ПЕТРОПАВЛ ҚазАқпарат - СҚО-дағы Полудинский балалар үйі қайта құрылатын болады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Күлпаш Қалғожинованың айтуынша, бұл өңірдегі балалар үйі тәрбиеленушілерінің азаюына байланысты туындап отыр.

«Басқарма балалар үйінің тәрбиеленушілерін отбасыларға орналастыру жұмыстарын нәтижелі түрде жүргізіп келеді. 2015 жылы 155 бала, 2016 жылы - 160, 2017 жылы 137 бала отбасылық тәрбиеге берілді. Петропавл қаласында 200 орындық балалар үйі жұмыс істеп тұр. Қазір мұнда 70 бала бар, оқу жылының басында бұл сан 50-ге жетеді. Ондағы қызметкерлердің саны 100 адам, 56 педагог бар. Петропавл балалар үйіне қосу арқылы Полудинский балалар үйін қайта құруды ұсынамыз»,-дейді Қ Қалғожина.

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов отбасыларға берілген балалардың жағдайын бақылап, әрдайым назарда ұстап отыруды тапсырды.

«Жұмысты жалғастырамыз, мониторинг үзілмеуі керек. Балалар үйіндегі атмосфераны барлығымыз жақсы білеміз. Түлектер үшін әлеуметпен араласып кету қандай қиынға түсетінін де білеміз»,-деді Құмар Ақсақалов.

СҚО-да жетім және  ата-ана қарауынсыз қалған балаларға арналған 6 мекеме жұмыс істеп тұр.  

Соңғы жаңалықтар