Петропавлдағы ботаникалық бақты жөндеуге 20 млн теңге бөлді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдағы ботаникалық бақ ғимаратының қасбетін жөндеу жұмыстары 140 күн кешікті. Рұқсат қағаздарын жинау үшін осынша уақыт кеткен.

 Петропавлдағы ботаникалық бақты жөндеуге 20 млн теңге бөлді

Аяз түскенге дейін мұнда іргенің кірпіш қалауын алмастыру, витраждарды жөндеу және жарық түскен шыныпакеттерді ауыстыру жұмыстары аяқталуы тиіс.  Сонымен қатар оранжереяның шатыры мен витраждарынан жауын суы мен еріген қардың суын ағызатын суағар әкеледі және қысқы бақтың шатырын қалыпқа келтіреді.

«Қызылжар оранжереясы»  МКҚК  басшысы Артур Рязапов атап өткендей, ғимарат конструкциясы жұмыс істейтін жылу- және гидрорежимдер мен пайдаланылатын материалдардың сапасы ескеріледі.

Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 20 млн теңге бөлінді. Жөндеу жұмыстары бойынша бас мердігер «Еңбек-Қызылжар» филиалы, субмердігер - Мирас Group ЖШС, техникалық бақылауды «Строй Интеграмм» ЖШС жүзеге асырады, авторлық бақылауды «Севгражданпроект» ЖШС жүргізеді.

Ботаникалық бақты жөндеудегі қажеттілік ағымдағы жылдың сәуірінде туындаған. Алты жыл бұрын қалпына келтірілген ғимарат қирай бастады. Сол кезде нысанға өңір басшысы Ерік Сұлтанов барған. Ол Петропавл әкіміне ғимаратты жөндеу тапсырмасын берген.
1912 жылы негізі қаланған Петропавл ботаникалық бағында әлемнің түрлі елдерінде өсетін шамамен 2 мың экзотикалық өсімдік бар.

null null null