Петропавлдағы гір спорты фестиваліне қыздар қатысады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда алғаш рет гір спорты фестивалі өтуде, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Петропавлдағы гір спорты фестиваліне қыздар қатысады

Фестивальға Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь өңірлерінен спортшылар келді. Оған әр жастағы, түрлі салмақта 150-ден астам спортшы қатысады.

СҚО-дан 80-ге жуық гір спортшылары келді. Олардың ішінде балалар жасөспірімдер клубы мен жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушілері де бар.

 «Жарысқа 30-дан астам тәрбиеленушілерім қатысуда, оның ішінде 12-16 келі гірмен өнер көрсететін 20 бойжеткен бар. Соңғы жылдары қыздар көптеп келуде. 8 келіден басталады. Мен де «10 минут гірмен жұлқа тарту» номинациясы бойынша қатысамын», - деді гір спорты бойынша ҚР спорт шебері Сергей Гутевич.

Спортшы өңірде бұл спорт түрі қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.   Қазірде 150-ден астам адам бар. Сергей Гутевичтің айтуынша, жыл сайын республика чемпионатында солтүстікқазақстандықтар  жеңіске жететін көрінеді.