Петропавлдағы өрт толық сөндірілді

  ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - «Кристалл» ойын-сауық орталығындағы өрт толықтай сөндірілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

 Петропавлдағы өрт толық сөндірілді

СҚО ТЖД мәліметінше, кешеннен 10 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Өрттен қаза болғандар немесе зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Шығындар анықталып жатыр.

«Өрт туралы хабар 17:44-те түсті. Мамандар оқиға орнына жеткен уақытта ғимарат қою түтінге көміліп, шатыр өртеніп жатқан. Өрт деңгейіне ең жоғары - үшінші санат берілді. 16 техника бірлігі және жеке құрамның 63 адамы тартылды»,-деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі 

18:19 да басталған өрт сөндіру жұмыстары 18:40-та толықтай аяқталды.

Ғимараттың 120 шаршы метрі бүлініп, 30 шаршы метр шатыр бөлігі жанып кетті. Өрт шалған аумақтың жалпы көлемі 150 шаршы метр.