Петропавлдағы су қоймасы 90 пайызға толған
Оның сөзіне қарағанда, қыс мезгілінде Петропавл көшелерінен 110 мың текше метр қар шығарылған. Қаладағы нөсерге арналған кәріздік жүйенің ұзындығы 92 шақырым. Оның 44-і - ашық болса, 48-і - жабық. Қазір олардың сәйкесінше 90%-ы мен 70%-ы тазартылды.
«Көшелерден 25 мың текше метр су шығарылды. Биыл үйлерде су жоқ. Су басу мен нөсер суын тазалау бойынша диспетчерлік қызметке түскен өтініштер саны 100-ден 40-қа азайды. Қалада құрамында 36 адам мен 30 техникасы бар 6 бригада жұмыс істейді», - деді Қ.Ғалеев.
Петропавлдағы су қоймасы қазір 88,9 пайызға толған. Қ.Ғалеевтің айтуынша, су 1 сантиметрге көтерілген. Сергеев су қоймасы 92,7 пайызға толған. Мұнда судың деңгейі су тасқыны кезеңінен бастап 16 сантиметрді құраған.
Петропавлда су тасқыны іс-шараларын жүргізуге 7,3 миллион теңге бөлінген.
Фото: news.rambler.ru