Петропавлдағы теміржол вокзалының ғимаратынан адамдар эвакуацияланды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облыстық ТЖД кезекшілік бөліміне теміржол вокзалының күту залында иесіз жатқан сөмке туралы телефон хабарламасы келіп түскен, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен барлық арнайы қызмет жетті. Теміржол вокзалы қоршауға алынып, 114 адам, соның ішінде вокзал қызметкерлері мен жолаушылар эвакуацияланды.

Тексеріс барысында пакеттен күдікті ештеңе табылмады. «Видеобақылау камералары пакетті «Петропавл-Мәскеу» бағытындағы жолаушылар пойызына адамдармен бірге мініп кеткен әйелдің тастап кеткенін көрсетті. Ол байқаусызда қалдырып кеткен. Сағат 18:48-де «тоқтату» бұйрығы берілді», - деді баспасөз қызметі.

Полицейлер қоғамдық тәртіпті бұзушылық орын алмағандығын және пойыздың қозғалыс графигі штаттық режімде жалғасып жатқандығын атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар