Петропавлдағы түзету мекемесінде «ауылдар сайысы» іс-шарасы өтті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті (ҚАЖД) ЕС-164/6 мекемесінде «Ауылдар сайысы» іс-шарасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, ЕС-164/6 мекемесі – әйелдер колониясында жазасын өтеп жатқандар қонақжайлылық өнерінде жарысты. Наурыз мейрамына орай мұнда мерекелік іс-шара өтті. Сотталғандар ән айтып, би билеп, ұлттық тағамдарды әзірледі, салт-дәстүрлерді көрсетті. Концерттік бағдарламаның орнына биыл «Ауылдар сайысы» ұйымдастырылды. Сотталғандар бір уақытта екі ауылдың тұрғындары болды.

Іс-шара екі ауылдың қатысушылары арасында төрт кезеңде өткізілді. Тіл және шешендік өнерді дамыту үшін жарыстың бірінші кезеңі қонақтарды қарсы алу, таныстыру және құттықтау болды, онда қатысушылар мақал-мәтелдерді қолдана отырып, тілдің өткірлігін, қазақ халқының шешендігін, сондай-ақ түрлі салттарды көрсетті.

Жарыстың екінші кезеңінде қатысушылар ұлттық тағамдарды әзірледі. Мұнда сотталғандар өздерінің тапқырлығы мен шеберліктерін көрсетті.

Сайыстың келесі кезеңі халық ауыз әдебиетінің туындысын, қазақ халқының аңыздары негізінде батырлардың бейнесін көрсету керек болды.

Жарыстың соңғы кезеңі шығармашылық тапсырма болды. Сотталғандар өз өнерлерін көрсетуге мүмкіндік алды.

«Ауылдар сайысына» біз өз күшімізбен дайындалдық, әкімшілікпен келісіп, костюмдер тігіп, нан пісірдік, бүгін біз «Наурыз көже» дайындадық. Мұндай іс-шаралар ұжымды өте жақсы біріктіреді. Біз жасақта көппіз және әркімнің өз мінезі бар, соған қарамастан бәріміз бірге жиналып, бәрін жасаймыз. Кей кезеңдерге - сәлемдесуге, көріністер ойлап тауып, билерге алдын ала дайындалсақ, аспаздық сайыста негізінен импровизация жасадық. Үш минут ішінде қамырдан ұлттық тағам жасау керек болды. Біреулер кеспе кессе, біреулер бауырсақ пісірді», - дейді сотталған Әлия Дәуренбекова.

Әйелдер колониясында 230-дан астам адам жазасын өтейді. Олардың басым бөлігі мекемеде ұйымдастырылатын іс-шараларға белсене қатысады.

«ЕС-164/6 мекемесінде өткізілетін барлық тәрбиелік іс-шаралардың мақсаты сотталғандарды түзеу. Белсенділік танытқандар мекеме бастығының құқықтарымен марапатталады, алғыс жарияланады, ол жеке іске енгізіледі және кейіннен сотталғандардың оң мінез-құлық дәрежесі ретінде айқындалады», - дейді СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесі тәрбие бөлімінің бастығы Оксана Вышар.


Соңғы жаңалықтар