Петропавлдағы жаңа Оқушылар сарайы IT технологиялар орталығына айналмақ

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті Қорының атқарушы директоры  Қанат Жұмабаев С.Мұқанов атындағы СҚО кітапханасына 3 млн теңгенің сертификатын сыйлады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Аталған қаржы заманауи компьютер құрылғыларын сатып алуға жұмсалады.

«ҚР Тұңғыш Президенті Қорының күндері» бағдарламасының аясында біз өңірлерді аралап жүрміз. Өткен жылы 146 жобаны іске асырдық. Әр облыста кем дегенде бір жобаны іске асыруға тырысудамыз. Стратегиялық бағдарламалар жоспарын адам капиталын дамыту арқылы ғана шешуге болады. Ол үшін арнайы платформа қажет»,-деді Қанат Жұмабаев.

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов өңірдегі атқарған жұмыстары үшін делегацияға рахмет айтып, облыстағы оңды өзгерістер жөнінде қысқаша айтып өтті.

«Біз бірнеше салаға жаңа технологияларды қолданамыз. Бізде IT технологиялар орталығына  айналатын Оқушылар сарайы салынып жатыр. Бірнеше жобаны бірге іске асыруды ұсынамын», - деді Құмар Ақсақалов. 

Соңғы жаңалықтар
telegram