Петропавлдағы ЖЭО мұржасын неліктен тек үш адам ғана бөлшектеп жатқаны түсіндірілді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлдағы 2-ші жылу-электр орталығының жартылай құлаған түтін мұржасын неліктен тек үш адам ғана бөлшектеп жатқандығы туралы «Севказэнерго» АҚ түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Петропавлдағы жылу орталығының ішінара құлаған түтін мұржасын бұзуға үш адамның ғана жұмылдырылғандығы жөнінде ақпарат тарады. Бұл қала тұрғындарының наразылығын тудырды. Петропавлдықтар мұндай қарқынмен орталық қысқы маусымға дайындалып үлгермейді деп қауіптенеді.

«Севказэнерго» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, үлкен бригадаға қауіпті аймақта болуға тыйым салынған. Өйткені алып конструкция тұрақсыз, қайта құлау қаупі жоғары. Сондықтан биіктіктегі жұмыстарды арнайы дайындалған альпинистер атқарып жатыр.

«Тағы екеуі төменнен жабдықты бақылайды. Монтажшылар тобы тіпті күрделі ауа-райында да жұмыс істемейді. Қатты жел мен жаңбыр олардың өміріне қауіп төндіреді. Мұржаны барлық жағынан қоршап тұратын жылжымалы платформа орнатылады, бұл жұмыс қазір аяқталуға жақын. Нәтижесінде ол мұржаны бөлшектеу жылдамдығын арттырады. Мамандар бетонды балғамен сындырып, арамен кесіп ала алады, олар жұмысты бұрынғыдай мұржаның үстінде отырып атқармайды, тұрақты платформаның үстінде тұрып істейді», - деп түсіндірді компанияның баспасөз қызметі.

Айта кету керек, бұған дейін осы мердігер – «KZ ТеплоСтрой-Сервис» ЖШС Үлбі металлургия зауытының мұржасын бөлшектеген еді.


Соңғы жаңалықтар