Петропавлдағы жылу жүйесін жаңғыртуға арналған ауқымды жоба биыл аяқталады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысын жылу және электр энергиясымен қамтып отырған кәсіпорындар жөндеу жұмыстарын жоспарға сай жүргізіп жатыр. Үш жылға шақталған ауқымды жоба биыл аяқталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов бүгін өңірдің қысқы жылыту маусымына әзірлігін байқау мақсатында, жөнеу жұмыстары жүріп жатқан нысандарды аралады.

Петропавлдағы №2 Жылу электр орталығының 4 қазандығында жөндеу жұмыстары 33% және 3 турбинада 43% аяқталды. Электр желілерінің 32%, яғни 536 шақырымы және жылу желілерінің 50 % - 6,9 шақырымы ауыстырылды.

«Барлық жоспарлаған жұмыстар кестеге сай атқарылып жатыр. Трансформатор стансалары, қазандық агрегаттары ауыстырылды. Биыл жылу магистралін ауыстыруға қатысты 3 жылға шақталған жобаны аяқтаймыз. Бұл облыс орталығын тиісті деңгейде жылумен қамтуға қажет. Қала үлкейіп келеді, көп қабатты үйлер салынып жатыр. Жеке жер үйлер сүріліп, орнына жаңа нысандар тұрғызылып жатыр. Қаланы тиісті инфрақұрылымсыз дамыту мүмкін емес. Сол себепті 3 жыл бұрын біз осы жобаны қолға алған едік», - дейді өңір басшысы Құмар Ақсақалов.

Қазіргі таңда облыстағы 148 қазандықтың 29% қысқы маусымға дайын. Білім берудің 303 нысанының 49%, денсаулық сақтауға қарасты 281 нысанның 52% қысқа әзірленді.


Соңғы жаңалықтар