Петропавлдық оқушылар мәжбүрлі демалысқа шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Петропавлда 1500-ден астам оқушы мәжбүрлі демалысқа шықты.

Петропавлдық оқушылар мәжбүрлі демалысқа шықты

Қаладағы 7 білім беру мекемесінде карантин жарияланды. Оқу процесі жедел респираторлы вирусты инфекция мен тұмаудың өршуі салдарынан тоқтатылды.

Сабақтар толығымен 4 мектепте және 1 балабақшада тоқтатылды, орта білім беретін тағы екі мекемеде карантин жартылай жарияланды.

Жас петропавлдықтар оқу ұйымдарына 3 ақпан күні келеді.

Дереккөз: «Хабар 24» телеарнасы.