Петропавлдықтар жазда Мысырға тікелей ұша алады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы Шарм-эль-Шейх қаласына тікелей әуе рейсін ашу туралы мәселені талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Петропавлдан мысырлық қалаға алғашқы рейс 8 маусымда орындалады.

Облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, туроператордың өкілдері Мысырда демалу қызметін жолға қою туралы айтып берген.

«Біз Петропавл, Көкшетау және Омбы қалаларындағы туристік агенттіктерге әуе бағдары туралы хабардар еттік. Ұсынатын қонақүйлерді таныстырғымыз келеді. Қазірдің өзінде ол қонақүйлердің нөмірлеріне брондау жүргізіліп жатыр», - деді Шымкент қаласындағы туроператордың сату бөлімінің басшысы Екатерина Русова.

Оның айтуынша, Қызыл теңіз жағасындағы демалыс қызметін Петропавлдың кез келген туристік агенттігі ұйымдастыра алады. Шарм-эль-Шейхтегі қонақүйлердегі нөмірдің бағасы бір адам үшін 500 теңге.

«Түркиядағы демалыс өте қымбат болып кетті. Сонымен қатар, көптеген клиенттеріміз жаңа бағыттарды іздей бастады. Солтүстік Қазақстанның азаматтарын Мысырға тікелей ұшырып, демалысқа жібере алатынымызға қуаныштымыз. Аймақтың аудандары бұған ерекше қызығушылық танытуда. Олар топ-тобымен келіп, сапарды талқылауды жоспарлап отыр », - дейді «Suntravel» туристік агенттігінің директоры Элла Андрошук.

Туристерді Boeing 757-200 ұшақтары жеткізбек. Петропавл қаласындағы халықаралық әуежайда орналасқан ұшақ бір ретте 235 жолаушыны алып кете алады.

«Петропавлдан тікелей рейстерді ұйымдастыру туралы келіссөздер соңғы екі жыл бойы жүргізіліп келген болатын. «Selfie Travel» компаниясының өкілдері жыл бойы туристерді тиісті сұраныс болған жағдайда тасымалдауға дайын», - деп хабарлайды облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен.

Автор: Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар