Петропавлдың 16 көшесіне қазақша атау берілді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда бұған дейін нөмірленіп келген 16 көше жаңа қазақша атауға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавл қалалық әкімдігінде «Солнечный-2» шағын ауданындағы көшелерге жаңа атау беру бойынша жиын өтті. Бұған дейін құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінен және осы шағын ауданның тұрғындарынан көшелерді жаңаша атау бойынша 4 өтініш түскен. Жұмыс тобы оны шілде айының басында қарады. Тиісті тәртіп бойынша көшелерді жаңадан атау бойынша материалдар тұрақты комиссияда қоғамдық тыңдау өткізу үшін Петропавл қалалық мәслихатқа жіберілді.

Жұмыс тобының мүшелері, сондай-ақ қалалық мәслихаттың депутаттары, Петропавл қаласы әкімдігінің өкілдері, облыс орталығының тұрғындары ортақ шешімге келе отырып, бұған дейін нөмірленіп келген көше атауларына мынадай атау беруді жөн көрді:

№1 көше - Шаңырақ,

№2 көше - Ынтымақ,

№3 көше - Саяхат

№4 көше - Баянды

№5 көше - Шабыт

№6 көше - Думан

№7 көше - Аққайың

№8 көше - Қайнар

№9 көше - Достық

№10 көше - Көктерек

№11 көше - Татулық

№12 көше - Сарыарқа

№13 көше - Ұлытау

№14 көше - Отбасы

№15 көше - Жарқын

№16 көше – Орда деп аталды.

«Өздеріңіз байқаған шығарсыздар, көшелердің бір де біреуіне кісі атын, не ақынның не танымал тұлғаның есімін берген жоқпыз. «Солнечный-2» қаланың шеткері ауданы, түсініспеушіліктер болмауы үшін осылайша бейтарап, әрі әдемі қазақша атау беруді дұрыс деп таптық», - дейді Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Асқар Хабибулин.


Соңғы жаңалықтар