Пезешкиан: АҚШ Иранмен соғысты тоқтату туралы шешім қабылдауға тиіс
АСТАНА. KAZINFORM – Иран басшысы екі ел өкілдері арасындағы байланыстар жалғасып жатқан тұста Тегеранның мәселені дипломатиялық жолмен реттеуге дайын екенін растады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Иран президенті Масуд Пезешкиан Тегеранның әскери текетіресті жалғастыруға ниеті жоқ екенін айтып, соғысты тоқтату туралы шешім Вашингтонға байланысты екенін мәлімдеді.
Бұл туралы ол 24 қыркүйекте Fox News телеарнасына берген сұхбатында айтты.
— Егер мәселені диалог арқылы шешуге мүмкіндік болса, бір-бірімізбен соғысып, адам өліміне жол бермеуіміз керек. Алайда Израильдің арандатуынан кейін бұл соғыс бізге таңылды. Біз соғысты жалғастыруға мүдделі емеспіз. Енді оны тоқтатуды қалай ма, жоқ па — мұны Американың өзі шешуі керек, — деді Пезешкиан.
"So is Iran choosing war or a deal?" @BretBaier presses Iranian President Masoud Pezeshkian in an exclusive @SpecialReport interview as U.S.-Iran negotiations continue amid heightened tensions. "We do not choose war. The war was imposed on us. We do not seek war," Pezeshkian responds.
— Fox News (@FoxNews) September 24, 2026
Ол келісім халықаралық құқық талаптарына сай болып, Тегеранның заңды мүдделері ескерілген жағдайда, Иранның АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігімен келісім жасауға дайын екенін растады.
Пезешкианның айтуынша, тараптар бұған дейін келісімнің негізгі шарттарын мақұлдап, өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған. Алайда оның сөзінше, құжатқа қол қойылғаннан кейін екі апта өткен соң уағдаластықтар бұзылған.
— Егер АҚШ-тың қазіргі әкімшілігі халықаралық құқық талаптарын сақтай отырып, келісімге келуді көздесе, біз дайынбыз. Ал олай болмаса, оның аралық сайлауға дейін не одан кейін жасалғанының біз үшін қандай айырмасы бар? — деді Иран президенті.
Сонымен қатар Пезешкиан Тегеран АҚШ-тың қарашаға жоспарланған Конгресс сайлауына дейін Вашингтонның өзара түсіністік туралы меморандумға қайта оралғанын қалайтынын айтты.
Меморандум бейбіт келіссөздерді қайта бастауға және Ормуз бұғазын ашуға негіз болуға тиіс еді. Бірақ оның қолданылу мерзімі тамыз айының ортасында аяқталды.
Amid U.S.-Iran diplomacy at UNGA, Pezeshkian is sitting down for an interview with Fox News tonight. A notable effort to speak to Trump’s political base.
— Sina Toossi (@SinaToossi) September 24, 2026
Иран президенті АҚШ пен Израильдің соққыларынан елдің жоғарғы басшысы, ирандық ғалымдар, әскери қолбасшылар мен мемлекеттік қызметкерлер қаза тапқанына қарамастан, Тегеран келісімге келуге күш салып жатқанын айтты.
Пезешкиан Йемендегі хуситтер Иран үкіметінің нұсқауымен әрекет етеді деген пікірді де жоққа шығарды. Бұған дейін АҚШ пен Йеменнің халықаралық деңгейде мойындалған үкіметі Тегеранды «Ансар Аллах» қозғалысына әскери және саяси қолдау көрсетіп отыр деп айыптаған.
— Хуситтер өз әрекеттері үшін өздері жауап береді. Олар біздің нұсқауымызбен әрекет етпейді. Біз олармен араласамыз, бірақ бізде тұрақты әрі жүйелі қарым-қатынас жоқ, — деді ол.
The FULL Fox News Interview with Iran's President, Dr. Pezeshkian 00:00 - War, Peace Deal and Iran’s Demands 02:37 - Hormuz, Hezbollah and the Houthis 04:42 - IRGC, Failed Deal and Who Controls Iran 05:53 - January Protests and Death Toll 12:10 - Supreme Leader and Iran’s Leadership 14:06 - China and U.S. Base Strike 16:24 - Iran’s Nuclear Program and 60% Uranium 19:40 - Diplomacy and Path to a Deal 20:38 - Iran’s Economy and Sanctions 22:48 - Ending the War
— Ryan Rozbiani (@RyanRozbiani) September 24, 2026
Пезешкианның бұл мәлімдемесі Нью-Йоркте Иран мен АҚШ өкілдері бірнеше айдан кейін алғаш рет жанама келіссөз өткізген тұста айтылды. Тараптар Қатардың араағайындығымен хабар алмасқанымен, нақты келісімге келгені туралы ақпарат тараған жоқ.