Пезешкиан: Израильге қарсы соққы Иранның мүддесі мен азаматтарын қорғауға бағытталған
АСТАНА. KAZINFORM – Иран президенті Масуд Пезешкиан сейсенбі күні Тегеран Израиль аумағына зымыран ұшырғаннан кейін Израильдің әрекетіне «шешуші жауап» бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Mehr агенттігі. Бұл туралы Интерфакс жазды.
«Заңды құқығымызға сүйене отырып, және Иран мен аймақтың бейбітшілігі мен қауіпсіздігін сақтау үшін сионистік режимнің басқыншылығына шешуші жауап берілді», - деді Пезешкиан.
Ол «бұл әрекет Иранның мүдделері мен азаматтарын қорғауға бағытталғанын» атап өтті.
«Нетаньяху Иранның соғыс қоздырушы емес екенін білуі керек. Иран кез келген қауіп-қатерге төтеп беруге ниетті», - деп атап өтті Иран президенті.
Оның айтуынша, зымырандық соққы – Тегеранның әскери мүмкіндіктерінің шегі емес.
«Бұл біздің күшіміздің бір бөлігі ғана», - деді Пезешкиан.
«Иранмен қақтығысқа түспеңдер», - деп ескертті ол.