08:50, 19 Сәуір 2022 | GMT +5
Pfizer екпесін алған жасөспірімдер 806 мыңнан асты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы 18 сәуірге дейін Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін - 9 473 673 адам, екінші компонентін 9 218 283 адам салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоаралық комиссияның хабарлауынша, кешеге дейін Pfizer вакцинасының бірінші дозасын - 1 017 157 азамат, екінші дозасын 873 937 азамат қабылдап үлгерді.
«Бұл екпенің бірінші компонентімен еліміздегі жасөспірімдердің – 806 363-і, жүкті әйелдердің – 37 319-ы, бала емізетін әйелдерьің 133 363-і қамтылды. Ал екінші компанентін 726 203 жасөспірім, 31 727 жүкті әйел, 114 183 бала емізетін ана алды», - деп хабарлады комиссия.