Pfizer вакцинасы Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймасына жеткізілді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Pfizer вакцинасының 46 800 дозасы Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймасына жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін таңғы сағат 7.00-де «Комирнати» вакцинасы әуежайдан Қоғамдық денсаулық басқармасы вакциналардың орталықтандырылған қоймасына келіп түсті. Бұдан соң, алгоритмге сәйкес Алматы қаласының барлық емханалық ұйымдарына бөлінетін болады.
«Біз вакцинаның температуралық режимнің барлық шарттарын сақтай отырып жеткізілуін бақыладық және оған көзжеткіздік. Біз 8 қорапта қапталған вакцина алдық. Барлық қораптар зауыттан вакцина қоймасына дейінгі барлық жол бойында температуралық датчиктермен жабдықталды», - деді Орталық қалалық клиникалық аурухана директорының инфекциялық бақылау эпидемиологиялық мәселелері жөніндегі орынбасары Эльвира Ибрагимова.

Оның айтуынша, вакциналау бірінші кезеңде медициналық мекемелерде, содан кейін мектептер мен ЖОО-да өтеді.
«Біз барлығы 46 800 доза алдық. Мұнда бірінші және екінші компонент. Сондықтан біз екіге бөлуіміз керек - бірінші компоненттің 23 400 дозасы және екіншісінің 23 400 дозасы. Вакциналау 21-28 күн аралығында жүргізіледі», - деді денсаулық сақтау басқармасының өкілі.
Вакциналауға жүкті, бала емізетін әйелдер және 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер жатады.


«Жүктілікке қатысты да белгілі бір мерзімдер бар - жүктіліктің 16-дан 37 аптасына дейін. Бала емізетін әйелдер-бала туған сәттен бастап 42 күннен кейін»,- деп еске салды дәрігер.
Вакцина қоймада Цельсий бойынша 60-тан-90 градусқа дейінгі температуралық режимде сақталады.
«Емханалар вакцина алған кезде температура режимі өзгереді. Яғни, вакцинаны сақтау Цельсий бойынша + 2, + 8 градус температурада жүзеге асырылады. Бұл нұсқаулықта жазылған, бір ай ішінде аталған вакцинаны осы температуралық режимде сақтауға болады», - деп атап өтті Эльвира Ибрагимова.
Айта кетейік, кеше түнде елге Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді.

