«Pfizer» вакцинасын 874 298 жасөспірім салдырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылғы 26 тамызда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 9 582 729 адам, 2 - ші компонентін 9 365 724 адам салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Pfizer» вакцинасын 874 298 жасөспірім салдырды

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мәліметтеріне қарағанда, 2022 жылғы 26 тамызда «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 1 238 580 адам, ІІ-ші дозасын 1 198 154 адам салдырды.

Оның ішінде:

І-ші компонентін 874 298 жасөспірім, 41 621 жүкті әйел, 145 424 бала емізетін әйел салдырды.

ІІ-ші компонентін 859 171 жасөспірім, 39 447 жүкті әйел, 141 957 бала емізетін әйел салдырды.