«Pfizer» вакцинасының І-ші компонентін 24 мыңға жуық жүкті әйел салдырған

НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакцинациялау бойынша ақпаратты жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Pfizer» вакцинасының І-ші компонентін 24 мыңға жуық жүкті әйел салдырған

Ведомствоаралық комиссияның деректеріне қарағанда, 2022 жылғы 14 қаңтардағы «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 428 222 адам салдырған, ІІ-ші дозасын 219 103 адам салдырды.

Оның ішінде:

І-ші компонентімен

Жасөспірімдер – 343 899,

Жүкті әйелдер – 23 925,

Бала емізетін әйелдер – 60 358.

ІІ-ші компанентімен:

Жасөспірімдер – 176 528,

Жүкті әйелдер – 11 648,

Бала емізетін әйелдер – 30 915.