Пхеньян мен Сеул туысқандар кездесуін өткізбек
АСТАНА. ҚазАқпарат - КХДР мен Оңтүстік Корея өкілдері 1950-1953 жылдары Корей соғысында екіге бөлінген отбасылардың кездесуін жаңғыртуға келісті.
Атап айтқанда, туысқандардың кездесуі 20-25 ақпанда шекараға жақын жерде Солтүстік Корея аумағында өтеді деп күтілуде.
Үш жыл бұрын тараптар осындай келісімге келген болатын, алайда екі ел арасындағы қарым-қатынастың ушығуы салдарынан КХДР соңғы сәтте өз шешімін өзгерткен еді.
Екіге бөлінген отбасылардың алғашқы кездесуі 1985 жылы ұйымдастырылса, ал келесісі тек 2000 жылы өтті. Барлығы 20 жиын өтіп, онда 3800-ден астам отбасы кездесуге мүмкіндік алды.