Пхеньян тарапы Сеул мен Вашингтоннан бірлескен оқу-жаттығуға тыйым салуды талап етуде

АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - КХДР Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың ақпанға жоспарлаған бірлескен оқу-жаттығуына тыйым салуды талап етуде.

Пхеньян тарапы Сеул мен Вашингтоннан бірлескен оқу-жаттығуға тыйым салуды талап етуде

Солтүстік Кореяның пайымынша, бұл әскери жаттығу арандатушылық болып табылады және оның салдары дағдарысқа соқтыруы мүмкін.

Бұған жауап ретінде Сеул тарапы осындай дайындық жыл сайын өткізіліп келгенін, сондай-ақ оның мақсаты қорғаныс іс-қимылдарына негізделгенін алға тартуда.

Алайда, өткен жылғы оқу-жаттығу, сонымен қатар Пхеньянның ядролық сынағы Корей түбегіндегі шиеленісті ушықтыра түсті.