Пхенчхан-2018: Медальдан басты үміткер Полторанин олимпиадалық қалашыққа жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат -XXIII қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандықтар басты үміт артып отырған шаңғышы Алексей Полторанин бүгін Пхенчхандағы олимпиадалық қалашыққа барып орналасты. Бұл туралы ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметінен мәлім етті,  деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Пхенчхан-2018: Медальдан басты үміткер Полторанин олимпиадалық қалашыққа жетті

Олимпиадада ерлер арасындағы шаңғы жарысының кестесі келесідей:

11 ақпан - Скиатлон, 15 +15 шақырым (басталуы 12:15)

13 ақпан - Спринт, классикалық стиль (басталуы 18:35)

16 ақпан - 15 шақырым, еркін стиль (басталуы 12:00)

18 ақпан - Эстафета, 4х10 шақырым (басталуы 12:15)

21 ақпан - Командалық спринт, еркін стиль (басталуы 16:30)

24 ақпан - Масс-старт, 50 шақырым, классикалық стиль (басталуы 11:30)

Естеріңізге сала кетейік, XXIII қысқы Олимпиада ойындары Оңтүстік Кореяда 9-25 ақпан аралығында өтеді. Доданың ресми ашылу салтанатында Қазақстан туын шорт-трекші Абзал Әжіғалиев ұстап шығады.

Байрақты додаға Қазақстан құрамасы 57 жолдама жеңіп алды. Олар спорттың 9 түрінен сынға түседі.