Пхенчхан Олимпиадасы: Норвегиялықтарға қателікпен 15 мың жұмыртқа жіберілген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пхенчханда Норвегияның олимпиадалық құрамасының аспазшылары шатасып 15 мың жұмыртқаға тапсырыс берген. Бұл туралы NRA - Норвегиялық хабар тарату корпорациясы жазды.

Пхенчхан Олимпиадасы: Норвегиялықтарға қателікпен 15 мың жұмыртқа жіберілген

Атап өтілгендей, бұған тапсырыс беру кезінде Google аудармашыда жіберілген қателік себеп болған. Негізінде аспаздар атлеттер үшін жалпы 1,5 мың жұмыртқа сатып алғысы келген.

Аспазшылардың айтуынша, тапсырыс берілген жұмыртқа жеткізілген  кезде олар таң-тамаша болған.

Олар амалын тауып 13,5 мың жұмыртқаны қайтара алған. Пхенчхандағы Олимпиада ойындарында Норвегия құрамасының ас мәзірінде омлеттер, қуырылған және қайнатылған жұмыртқалар, ысталған арқан балық қосылған қуырылған жұмыртқа тағамдары бар.