Пхёнчхандағы Қысқы Олимпиада қонақтарын роботтар қарсы алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяда 2018 жылы ақпанның 9-ынан 25-і аралығында өтетін Қысқы Олимпиадада 29 тілде сөйлейтін аудармашы роботтар қызмет көрсетеді. Бұл туралы Pulse хабарлайды, деп жазды бүгін 24.kz.
Бұл роботтарды оңтүстіккореялық кеңселік бағдарламалық қамтамасыз етумен айналысатын Hancom Group және Future Robot компаниялары құрастырып жатыр.
Өндірушілердің айтуынша, сандық аудармашылар әртүрлі елден келген меймандардың тілдесуіне жәрдемдеседі. Жасанды ой-өрісі бар роботтарды 29 тілде «сөйлейтін» және дауыстарды ажырата алатын GenieTalk бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталады. Бұдан басқа «темір» гидтер адамның бет қимылын да жасай алады.