Пхукет губернаторы жағажайларда тамақтанбауды өтінді - Банкок
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пхукет провинциясының губернаторы Нисит Джансомвонг қоқыс қалдықтарының көбеюіне байланысты Пхукет жағажайында тамақтануға тыйым салу қажеттігін мәлімдеді.
Алайда жергілікті журналистерге берген сұхбатында ол әңгіме тыйымда емес, туристерге жағажайда тамақтанбауға өтініш білдіретінін хабарлады. Бұл аумақтың қоқыстануына жол бермеу үшін қолданылып отыр.
Губернатор жағажайда тағам ішуге ешқандай жауапкершілік көзделмегенін атап өтті. «Арал билігі Пхукет тұрғындары мен қонақтары бұған түсіністікпен қарайды деген үмітте», - деген Нисит Джансомвонгтың сөзін келтіреді "Новости Пхукета" басылымы.
Алайда жеңіл тіске басар мен сусындар әкелуге болатыны атап өтіледі.
Басылым темекі шегуге, ішімдік ішуге, қоқыс тастауға тыйым бұрыннан бар екенін нақтылады.