Пхукеттен Мәскеуге бет алған ұшақ Ташкентке қонуға мәжбүр болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбіде «Аэрофлот» рейсімен Пхукеттен Мәскеуге ұшқан Швеция азаматы жағдайының күрт нашарлауына байланысты сапарын тоқтатып, Ташкентте қалды, деп хабарлайды РИА Новости Өзбекстан әуежайының өкіліне сілтеме жасап.

Пхукеттен Мәскеуге бет алған ұшақ Ташкентке қонуға мәжбүр болды

Пхукет-Мәскеу рейсін орындаған "Аэрофлот" авиакомпаниясының ұшағы A330 жергілікті уақытпен 15.30-да (мәскеу уақытымен13.30) жолаушылардың бірінің денсаулығының төмендеуіне байланысты амалсыз Ташкентке қонуына тура келді. Әуежай өкілінің айтуынша, Швеция азаматына жеңіл жәрдем шақырылған. Оған бортта медициалық жәрдем көрсетілгеннен кейін науқас Ташкентте қалуға шешім қабылдаған. Қазіргі уақытта ол әуежайдың транзиттік аймағында.