Пиала шайын, алкоголь өнімдерін шығарған жасырын цехтар анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы контрафактілік өнімнің заңсыз айналымы саласында 133 сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілді. 
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Профилактикалық жұмыс және  бақылау басқармасының сарапшы-офицері Гүлнәр Нағызханова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2016 жылғы экономикалық тергеу  қызметінің нәтижесінде контрафактілік өнімнің заңсыз айналымы саласында 133 сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізілді және  оның 98 ісі өндіріспен аяқталды», - деді ол.

Оның атап өтуінше,  2016 жылы «Пиала» шайы, «Маккофе» кофесі, Mobil мотор майы,  «Стэлл», «Вавилон», «Перно Рикар Казахстан», «Chivas Holdings Limited», «Martell and Co» ресми дистрибьюторларының таңдаулы алкогольдік өнімдері сияқты контрафактілік өнімдер, ән жазылған дискілер мен «Алматыкітап» баспасының оқулықтарын дайындалған цехтың қызметі әшкерленген.

«Осы санаттағы қылмыстарды анықтау және ашу мақсатында экономикалық қылмыстарды тексеру қызметкерлері ішкі істер, әділет органдарымен бірлескен жоспар жасады. Құқық иеленушілермен, «Атамекен» ҰКП өкілдерімен, сенімді патент қауымдастығымен, мүдделі мемлекеттік органдармен дөңгелек үстелдер ұйымдастырды», - деді Нағызханова.

Соңғы жаңалықтар