ПИК қауымдастығы үшін биыл Жазғы мектеп ұйымдастырылады

АЛМАТЫ. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Пәтер иелері кооперативі қауымдастығы үшін ұйымдастырылатын Жазғы мектеп тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық саласындағы мәселелерді шешуге көмектеседі.

ПИК қауымдастығы үшін биыл Жазғы мектеп ұйымдастырылады

Бұл бүгін Алматыда өткен «Энергетика және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылғына инновациялар мен энергоресурс сақтау технологияларынын енгізу» деп аталатын конференцияда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жазғы мектеп тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық саласындағы мәселелерді түсінуге және оны шешуге көмектесуге бағытталған. Оған әр өңірден 2 адам қатысады. Олар арқылы, кейін мұндай шаралар әр аймақта өтетін болады», дейді БҰҰ Даму бағдарламасы Ғаламдық экологиялық қоры жобасының энергетикалық тиімділік жөніндегі менеджері Александр Белый. Оның айтуынша, қазір олар Астанада бастама көтеріп ілкі жобаны жүзеге асырып жатыр. Ол энергия жинақтауға заем беруге арналған. БҰҰ Даму бағдарламасы арнайы жоба бойынша грант бөліп отыр. Онда жергілікті билікке болашақта бұл пәтер иелері кооперативтеріне бюджеттен қаржы бөліп, энергетикалық тиімділік арқылы оған жұмсалған қаржыны кері қайтаруды жоспарлау мүмкіндігі көрсетілмек. Қазір олар биыл жүзеге асырылатын жобаға қатысатын 17 үйді таңдап алған.