Пикассо картинасы бәссаудада 67 млн долларға сатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испандық суретші Пабло Пикассоның картинасы Нью-Йорктегі Sotheby's бәссаудасында 67 млн долларға сатылды, деп хабарлады шетелдік БАҚ.

Пикассо картинасы бәссаудада 67 млн долларға сатылды

Картинада мейрамханадағы жалаңаш әншінің суреті бейнеленген. Туындының артқы бетінде тағы бір бейне бар. Онда Пикассоның арт-дилеріне кекесін карикатура салынған. Оны 2000 жылы картинаны жөндеуден өткізу кезінде тапқан. Жалаңаш әншінің портретін суретші Парижге қоныс аударған кезде 19 жасында салған. Оның бағасы 60 млн доллларды құрады. Оны сатылымға бизнесмен Уильям Кох қойды, ол картинаны 1984 жылы 3 млн долларға сатып алған. Пабло Пикассо ең қымбат суртеші саналады. Оның туындылары түрлі аукциондарда тұрақты рекорд орнатып келеді. Мамырда 179 млн долларға сатылған Паблоның «Алжир әйелдері» туындысы әлемдегі ең қымбат картина есептеледі.