Пикассо туындысы стокгольмдік аукционда 2 млн долларға сатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пабло Пикассоның "Жерорта теңізіндегі пейзаж" картинасы стокгольмдік халықаралық Bukowskis аукционында 2 млн долларға сатылды.

Пикассо туындысы стокгольмдік аукционда  2 млн долларға сатылды

«Бұл Швецияда Пикассо үшін рекордтық баға» - деп атап өтті бәссауда үйінің өкілі Анна-Карин Пусич.

"Жерорта теңізіндегі пейзаж" картинасын Пикассо 1963 жылы Францияның оңтүстігінде салған. Суретті швед коллекционерлері Бу мен Маргарет Линдтің туыстары сатты. Олардың жинағында Марк Шагал, Фернандо Леджеро және Морис Утриллоның еңбектері де бар.

Сатып алушылардың көбі телефон арқылы саудаласқан. «Біз бір уақытта 14 халықаралық желіде байланыс ұстадық», - деді Пусич.

Сатып алған адамның аты айтылмады. Суреттің тек шетелге сатылғаны белгілі, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.