Пикассоның картинасы аукционда 139 миллион долларға сатылды

сатылды
Фото: www.bbc.com

Пабло Пикассоның 1932 жылғы «Сағат таққан әйел» атты үздік туындысы 139 миллион АҚШ долларына сатылды, деп хабарлайды Kazinform ВВС-ге сілтеме жасап. 

Sotheby's дерегінше, Femme a la Montre («Сағат таққан әйел») картинасы биыл аукционда сатылған ең қымбат жұмыс болды. Суретте оның көптеген картинасының кейіпкері болған француз моделі Мария-Тереза Вальтер бейнеленген. 

Аукционға шығармас бұрын сурет 120 миллион АҚШ долларына бағаланды. Бұған дейін картинаны өнер туындылары коллекциясын жинаушы марқұм Эмили Фишер Ландау 1968 жылы сатып алған. Кейінірек ол аты-жөні құпия адамға тиесілі болды. 

Пикассоның аукционда сатылған ең қымбат картинасы «Алжир әйелдері» деп аталады. Ол 2015 жылы Christie’s аукционында 179,3 миллион АҚШ долларына сатылды. Ал «Сағат таққан әйел» бағасы жағынан суретшінің екінші қымбат картинасы болды. 

Соңғы жаңалықтар