Пикассоның «Отырған әйел» полотносы Лондондағы бәссаудада 63 млн. долларға сатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пабло Пикассоның (1881-1973) «Отырған әйел» полотносы Лондондағы бәссаудада 43,3 млн. фунтқа (63,4 млн. доллар) сатылды, деп хабарлады ТАСС.
None
None

Бұл картина бұрын-соңды бәссаудаға шығарылған кубизм стиліндегі ең қымбат жұмыс болды. Полотноның алдын-ала құны 28 млн. фунтты (41 млн. доллар) құрады.

Картинада атақты суретші Фернандо Оливьенің сүйіктісі бейнеленген. Шығарма шебердің туған жерінде Орта-дель-Эбро кентінде 1909 жылы салынған, бұл кезде Пикассоның шығармашылығы дәуірлеп тұрған болатын.

21 маусымда сондай-ақ Амедео Модильянидің (1884-1920) картинасы 38,5 млн. фунтқа (56,4 млн. долларға) сатылды.  Әңгіме француз суретшісі және моделі Жанна Эбютерн (1898-1920) жөнінде болып отыр, ол итальяндық кескіндемеші әрі мүсіншінің ресми емес әйелі және басты музасы болған.

Қазіргі кезде бәссаудаға қойылған жұмыстардың ішінде Поль Гоген мен Огюст Роденнің еңбектері бар. 

Соңғы жаңалықтар